Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Жемқорлық тақырыбындағы кітаптардың авторы жастармен кездесті

2019 жылдың 18 қазан 2019 04:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы бірқатар кітаптың авторы Жан Ақжанов Көкшетаудың студент жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенованың айтуынша, Жан Ақжан «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача», сондай-ақ «Степь и судьба» сияқты бірқатар кітаптың авторы. Студенттермен өткен кездесуде автор жастарды кітап оқуға және әдебиетіміз бен мәдениетімізді ұмытпауға шақырды.

«Біз Батысқа еліктеуде белгілі бір идеологияны ұстануымыз қажет, мәдениетімізді, көркем әдебиетімізді ұмытпауға тиіспіз. Осыны түсінсек дағдарыс пен өзгеріс заманында нық тұрып, алған бағытымызда әрі қарай дамуға мүмкіндік береді және бізді жаһандық әлемнің кең жолына алып шығады», - деді Жан Ақжанов.




Жазушының шығармаларында әлеуметтік бағыт, әр азаматтың басынан өтетін өмірлік жағдайлар терең қозғалған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев бүгінгі күні еліміздің келешегі - жастарға жасалып отырған мүмкіндіктерге тоқтала келе, парасаттылық, еңбексүйгіштік, адалдық пен әділдік сияқты моралдық-этикалық құндылықтар туралы айтып өтті.

«Елімізде жас ұрпақтың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Жетістікке жету үшін өз мақсатына талпыну, еңбектену керек. Сондай-ақ, оқу орындарында алатын білімді бойға сіңіріп қана қоймай, өзін-өзі дамытумен айналысу қажет. Парасатты адам кез келген қиындықты жеңіп, барлық жоқшылықтан өтіп, қойған мақсатына жетеді. Өз білімі мен лауазымы арқасында ғана емес, адал, ақ ниетті, әділ адам ретінде де құрметке ие бола алады. Күш-қуат, шыдамдылық пен еңбек – әрқайсымызды жетістікке жеткізеді», - деді Мұрат Төлеубаев.

Жазушының шығармаларында көтерілетін мәселелер жастардың шынайы қызығушылықтарын туғызды. Кездесу қонағы студенттермен ашық диалог орнатып, өз бойындағы жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді тәрбиелеу барысындағы ойларымен және тәжірибесімен бөлісті.

Ж.Ақжанов жастарға өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарын тарту етті.

Жоғары қарай