Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Жемқорлық туралы хабарлаған адам 250 мың теңге сыйақы алуы мүмкін

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 05:27

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде мемлекеттік қызмет көрсетудегі жемқорлық қауіпті алдын алу, қызметкерлердің әдептілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, басқосуда жемқорлық қылмысты алдын алу бағытында атқарылып жатқан кешенді шаралар сөз болды. Аталмыш департаменттің бас маманы Медет Тұрыбаев атап өткендей, жемқорлық құқықбұзушылық туралы мәлімет берген адамның құпиялылығы сақталатындығы кепілдендірілген.

«Жемқорлық құқықбұзушылық туралы мәлімет берген адам бір реттік ақшалай сыйақыға ие бола алады. Сонымен қатар, жаңа ҚР ҚК сәйкес пара бергені туралы өз еркімен хабарлаған тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Егер мәлімет расталып, сотқа жазаға тарут туралы шешім шығарса, онда жемқорлық құқықбұзшылық туралы хабарлаған адамға 250 мың теңгеге дейін (30-100 АЕК) сомада сыйақы беріледі» - деп атап өтті Медет Тұрыбаев.

Оның сөзінше, департамент тарапынан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны анықтап, алдын алу, ескерту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, жемқорлық құқықбұзушылық үшін жазадан құтыла алмайтын принципін толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеті тұр.

Кездесу соңында қатысушыларға жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік жөнінде бейнеролик ұсынылды.


Жоғары қарай