Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері қар тазалауға шықты

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 16:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері #BizBirgemiz челленджі аясында елордада үйлердің аулаларын қардан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жоғарғы сот қызметкерлерінен қала көшелерін қардан тазалау бойынша челленджді қабыл алды. Агенттік қызметкерлері ведомство ғимаратына жақын маңдағы іргелес жатқан үйлердің аулаларын тазалады. Бұл челленджді біз Ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізге жолдаймыз», – деп атап өтті агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда аулаларын қардан тазарту жөніндегі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын Қазақстанда жарияланған Волонтер жылы аясындағы орынды бастама деп қолдаған болатын.



Фото: www.facebook.com/anticorruption.kz


Жоғары қарай