Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Жемқорлықпен күрес агенттігі жаңа жыл қарсаңында 35 қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

2020 жылдың 1 қаңтар 2020 05:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ізгілік елшілері» еріктілерімен, жастар мәслихаты депутаттарымен, «Адалдық алаңы» және арнайы мониторинг топтарының белсенділерімен бірлесіп, жаңа жылдық корпоративтердің орнына елдің барлық өңірлерінде жаңа жылдық қайырымдылық акцияларын өткізді.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бастаманың мақсаты – қамқорлық пен қолдауға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтап, қолдау көрсету.

Агенттік еріктілер жобасының аясында екі мыңға жуық бала қатысқан 35 қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлыпен күрес қызметі «Тілектер шыршасын» ұйымдастырып, онда ілінген 100 баланың Аяз атаға жазған жаңа жылдық тілектерін орындады.

Мәселен, Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Нұрлы жүрек» орталығында ерекше қажеттіліктері бар 120 балаға арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша ұйымдастырып, тәтті естелік сыйлықтар табыстады.

Қызылорда облысында қызметкерлер жаңа жылдық киім киіп, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының балаларын құттықтады. Сонымен қоса, концерттік бағдарламасы бар балалар ертеңгілігі ұйымдастырылып, балалардың қалауымен сыйлықтар үлестірді.

Мұндай шараларды Агенттіктің барлық территориялық департаменттерінің ұжымдары өткізді.

Агенттік ұйымдастырған «Қайырымдылық аптасы» қазақстандықтар арасында парасаттылық пен мейірімділікті насихаттайды.


Жоғары қарай