Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов он екінші рет жеңіске жетті

2019 жылдың 24 тамыз 2019 21:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Ресейдің Челябинск қаласында, WBO белбеуіне таласқан боксшылар Сергей Ковалев – Энтони Ярд айқасының андеркартында өнер көрсеткен болатын.

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізді. Он раундқа шақталған орта салмақтағы айқас Мейірімнің жеңісімен аяқталды. Әділқазы бірауыздан осылай деп шешті.

Осылайша, Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол осы уақытқа дейін бір де бір рет жеңіліп көрген жоқ. Ал Осипов жеңілістің ащы дәмін екінші рет татып отыр.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Спорт, Ресей, Бокс,
Жоғары қарай