Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Жеңіс Қасымбек есептік кездесуде 100-ге жуық сұраққа жауап берді

2020 жылдың 20 ақпан 2020 01:39

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі лауазымында тұрғындармен алғашқы есеп беру кездесуін өткізді. Өңір басшысы экономикалық және әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстарды баяндады, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баяндамадан кейін облыс әкімі аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушылардан 75 сұрақ келіп түсті. Сауалдардың тақырыбы әр түрлі болды: абаттандыру, көгалдандыру, көлік жұмысы, экология, медициналық қызмет көрсету, жол жағдайы, ТКШ мәселелері және тағы басқа.

Сондай-ақ әкім есеп берген уақытта call-орталық жұмыс істеді. Телефон желісіне 11 сұрақ келіп түсті.

Шараға селекторлық режимде шалғайдағы қалалар мен аудандардың тұрғындары да қатысты. Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Теміртау қалалары, Шет және Осакаров аудандарынан сұрақтар қойылды.

«Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды», - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Есептік кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 21 адамның өтініш-тілектері тыңдалды. Мәселелер абаттандыру, кәсіпкерлік, көмір саласының болашағына қатысты болды. Өз проблемаларын саяжай қоғамдарының жетекшілері де айтып берді. Кішкентай баласының республикалық клиникада тексеруден өту квотасын жеделдетуге көмек сұраған тұрғын да болды. Қабылдауға басқарма басшылары қатысты, оларға әр мәселе бойынша Жеңіс Қасымбек жеке тапсырма берді.


Жоғары қарай