Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Жер ресурстарын басқару комитетіне жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 24 қыркүйек 2019 11:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы уыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды.

Гүлжахан Бимендина 1969 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 1996 жылы Мәскеу қаласында Мемлекеттік жерге орналастыру университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің құрылымында бастады. Бас маман, жерге орналастыру инженері, аудандық комитет төрағасы, бөлім бастығы, облыстық комитет төрағасының орынбасары, басқарма бастығы, инспекция бастығының орынбасары, инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2012 жылы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

2013-2014 жылдары — Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласындағы реттеу департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

2016 жылдың маусымынан қазірге дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.


Жоғары қарай