Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Жер шарының ең қарт тұрғыны өмірден озды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 14:45

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Хоккайдо аралының тұрғыны Масадзо Нонака 20 қаңтар күні 113 жасында өмірден озды. Ол әлемдегі ең қарт ер адам еді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ол таңертең Асеро елді мекеніндегі өз үйінде көз жұмды. Масадзо Нонака немістің даңқты физик-теоретигі Альберт Эйнштейн өзінің әйгілі салыстырмалы теориясын жариялаған 1905 жылдың 25 шілдесінде туған. Нонака 2018 жылдың 10 сәуірінде Гиннестің рекордтар кітабына Жер шарының ең қарт ер тұрғыны ретінде енген.

Оған дейін ғаламшардың ең қарт тұрғыны басқа бір жапон Дзироэмон Кимура еді. Ол 2013 жылдың маусымында 116 жасында қайтыс болды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай