Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Жетісай ауданында Арбат пен шағын әуежай салынады

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 18:08

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында жаңадан Арбат пен кіші авиация әуежайы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің брифинг залында 8 айда атқарылған жұмыс бойынша есеп берген аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Аманбай Жұмабеков пен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев айтып берді.

Жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша, аудандағы жеке және заңды тұлғалардан 590 өтініш түсіп, қаралған. Өтініштердің 533-і қанағаттандырылса, 57 өтініш заңға сәйкес кері қайтарылған. Одан бөлек, бөлім қызметкерлері аудандық соттың 22 отырысына қатысып, азаматтардың жер дауы туралы мәселелері талқыланған.

«2019 жылдың 8 айында тұрғын үй кезегі бойынша жер учаскесін сұрап, өтініш білдірген 98 азамат кезекке қойылды. 2006 жылдан бастап Жетісай қаласында – 2114, Асықата кентінде – 213, Қазыбек биде - 63, Абайда – 40, Жаңа ауылда –381, Қарақайда - 400, Жылы суда - 8 тұлға кезекке қойылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 38,57 гектарды құрайтын 4 тұлғаның егістік жері анықталған (оның ішінде суармалы - 38,57 гектар), ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 133 гектарлық (оның ішінде 133 гектар - суармалы егістік) 45 жер учаскесі анықталды. Сонымен қатар, көлемі 50,3 гектар кәсіпкерлік мақсатындағы 141 жер учаскесі құр жатыр»,- деді Аманбай Жұмабеков.

Ал, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиевтің сөзінше осы уақытқа дейін бөлімге жоғары органдар мен жергілікті мекемелерден жалпы саны 500-ге жуық хат келіп түскен. Бұл хаттар бойынша уақтылы жұмыс жүргізілген.

«Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 2019 жылдың 8 айында 153 жер телімі бөлініп берілген. 2019 жылдың 8 айында 105 жеке тұрғын үй кабылданып, жалпы ауданы 16015,8 шаршы метр бөлім тарапынан есепке алынды. Аудандық статистика басқармасына тапсырылды»,- дейді Сансызбай Сейдалиев.

Одан бөлек, қаланың келбетін өзгерту бойынша бірнеше жоба қолға алынып, Жетісай ауданын абаттандыру, көгалдандыру және жайластыру бойынша аудандық сәулет бөлімі тарапынан тиісті жұмыс жүргізілуде.

«Ауданнан облыс орталығы алшақта болуына байланысты және инвестиция тарту мақсатында аудан аумағынан кіші авияция ұшып-қонатын әуежай құрылысын жүргізу үшін жер телімі белгіленіп, анықтау, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Қосымша айта кететін тағы бір нәрсе, Жетісай қаласында орналасқан С.Қожанов көшесін абаттандыру бойынша орталық алаңнан С.Ерубаев көшесіне дейінгі аралыққа эскиз жоба дайындалып, жергілікті бюджеттен 100 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінде конкурс жарияланған. Құрылыс жұмыстарын 2019 жылы жүргізу жоспарланып отыр»,- дейді бөлім басшысы.

Жоғары қарай