Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Жетісай ауданында шығарылатын аяқ киімдер арзан бағада  сатылуда

2019 жылдың 20 қараша 2019 20:33

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында спорттық аяқ киім шығаратын шағын цех жұмыс істейді. Ш.Ділдәбеков ауылдық округінен ашылған кәсіпорынның жұмысымен аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев танысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәулігіне 1500 жұп аяқ киім шығаратын кәсіпорында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жеке кәсіпкер Сәкен Шораев басқаратын цехта негізінен спорттық аяқ киімдер тігіліп, жергілікті базарлар мен көршілес аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттындырып отыр. Бұл аяқ-киімдердің бағасы 1900 – 2000 теңгенің көлемінде. Негізгі шикізатты Қытайдан алдыратын кәсіпкер аудан әкіміне өз жоспарларын айтып, алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтуді көздеп отырғанын жеткізді. «Өзіміздің отандық өнімдерімізді болашақта брендке айналдырсақ, шағын кәсіпорнымыздың ауқымын кеңейтсек деген жоспар бар. Сондай-ақ аяқкиімдердің санын екі есеге арттыру ойда бар. Жоспарларымыз жүзеге асып жатса, тағы да қосымша жұмысшыларды қабылдайтын боламыз. Осылайша жергілікті халықтың тұрмысын жағдайын жақсартуға үлес қосқымыз келеді. Болашақта Жетісайдан шыққан спорттық аяқ-киімдерді алыс-жақын шетелдерге экспорттасақ»,- дейді кәсіпкер. Екі жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан аталмыш кәсіпорын бәсекелестікке төтеп беруге қауқарлы саналады. Себебі, сапасы жоғары әрі бағасы төмен тауар қашанда халықтың сұранысына ие. Өз кезегінде аудан басшысы шағын кәсіпорынның жұмысына оң бағасын беріп, алдағы уақытта кәсібін бастағысы келетіндерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.







Жоғары қарай