Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Жетісай ауданының әкімі Шаблан Ділдәбеков ауылының тұрғындарымен кездесті

2019 жылдың 20 қараша 2019 02:34

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы аталмыш округте орналасқан қақпаның жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет екендігін атап өтті. Мердігер компания өкіліне ел үшін жасалатын жұмыстарды кемшіліксіз жасау керектігін ескертті. Жамантай Бейсенбаев сапары барысында сондай-ақ, «Самұрық» аяқ-киім шығару цехында да болды. Кәсіпорынның жұмыстарымен танысқан аудан әкімі, сонда жұмыс атқаратын әрбір қызметкермен сөйлесті.

Цех басшысына халыққа тиімді бағамен сату керектігін және сапалы отандық тауар өндірушілерді әрқашанда қолдайтынын айтты. Бұдан кейін аудан әкімі «Бірлік» мәдениет үйінің тарихи музейінде болып, ондағы тарихи көне жәдігерлермен танысты. Жұмыс барысының соңына қарай аталмыш округте орналасқан Сұлтанбек Қожанов атындағы №42-ші жалпы орта мектебінің оқу базасына барып көрді. Мектептің жылу маусымына дайындықтарын тексеріп, Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдық мерейтойына орай ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жоғары қарай