Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Жетісуда Үндістан, Қытай, Қазақстан студенттері арбамен жарысып жатыр

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 21:29

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында арба бәйгесі басталды. Байқау Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Он бес күнге созылатын шараға Үндістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдердегі халықаралық университет студенттері қатысып, екі дөңгелекті ат арбамен жарысқа түседі. Сондай-ақ, жарыс барысында командалар лагерлерді өз бетінше орнатып, онда нағыз көшпенділердің тұрмысын ұйымдастырады.

«Байқау мақсаты - Қазақстанда жастарға арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру. Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының табиғатына саяхат жасауды көздейді. Сонымен қатар, байқау қазіргі жастардың интеллектуалды, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсетіп, Жібек жолы елдерінің студенттері арасындағы мәдени алмасуға негіз болады»,-дейді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы.

Айта кетейік, екі сайыс түрінен өтетін командалық жарыстың қорытындысы 25 қыркүйек күні шығарылып, жеңімпаздар арнайы кубокқа ие болады.

Жоғары қарай