Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Жезқазғанда мектеп өртенді

2019 жылдың 19 қараша 2019 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласындағы №3 орта мектептен өрт шықты. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 қараша күні сағат 11-39-да өртке қарсы қызмет пультіне Жезқазған қаласындағы №3 орта мектептен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде еңбек кабинетінің токар станоктарының жанатын бөлшектері, жиһаз, ағаш еден, терезе жақтаулары жанып жатты. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 12-03-те өрттің алды алынып, 12-10-да сөндірілді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрайды», - деп атап өтеді комитеттен.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірушілер жеткенге дейін мектеп қызметкерлері 640 адамды, оның ішінде 570 оқушыны қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрр электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 15 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мектеп аумағын шоршауға алды.







Жоғары қарай