Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Жол сапасына жауапты тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді- Агенттік

2019 жылдың 11 шілде 2019 18:10 1258

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің жолдарының сапасына жауапты тұлғалардың жауапкершіліктен жалтарып кетіп жүргені туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдарды салу, жаңғырту және жөндеу барысындағы сапаның бұзылуына қарсы әрекет етудің лайықты шараларының болмауы өзекті проблемаға айналып отыр. Барлық инспекциялық тексерлер барысында бұзушылықтардың анықталғандығына қарамастан жауапты тұлғалар жауапкершілікке  тартылмайды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаменті  директорының міндетін атқарушы Анар Жарова автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте.

Оның атап өтуінше, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы филиалдарын тексеру қорытындысында ұсыныстар енгізіледі. Алайда бұл ұсыныстар көп жағдайда «мүмкіндіктері қарастырылсын» деген бұрыштамамен құр қағазы күйіндеқалып жатады.

«Осылайша мердігер мен техникалық қадағалау қызметіне әсер етуге бағытталған лайықты шаралар қабылдау мәселесі филиалдардың қарауына түседі. Бұл құқыққа қайшы әрекеттерге жағдай жасай отырып, инспекциялық тексерудің алдын алу рөлін төмендетеді», - деді Анар Жарова.

 

 

Жоғары қарай