Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін балдық бағалау жүйесі енгізіле ме – Тұрғымбаевтың жауабы

2020 жылдың 21 ақпан 2020 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін балдық бағалау жүйесі енгізуге әлі ерте. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтардың 89 құрамы, оларды бұзғаны үшін айыппұл түрінде жазалау көзделген. Мұнан бөлек жол жүрісі қағидаларының бірқатар талабы бар. Оларды бұзғаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айыру не әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза, сондай-ақ бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылық жасаған кезде қатаң жаза қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, жол жүрісі қағидаларын қайта бұзған көлік құралдары жүргізушілеріне әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, олар жол жүрісі қағидаларын білуге тексеруге жіберіледі», - деп атап өтеді министр.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, жүргізуші 2 ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білетіндігін дәлелдеп емтихан тапсырмаса, онда оның жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтату шарасы қабылданады.

«Балдық жүйені енгізген жағдайда жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соқпайтын жол жүрісі қағидаларын әрбір бұзушылықты теріс қылықтың ауырлығына байланысты балмен бағалау қажет. Яғни, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімін тоқтатуға әкеп соғатын айыппұл балының шекті санын белгілеу керек. Айтылғандарды ескере отырып, Қазақстанда жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл балын есептеу жүйесін енгізу қазіргі уақытта ерте және ғылыми-зерттеу институтын тарта отырып қосымша зерделеуді талап етеді деп есептейміз. Себебі, апаттылық жағдайына ықпал етуге байланысты жол жүрісі қағидалары талаптарын әрбір бұзушылыққа балл мөлшерінің әдіснамасын және негіздемесін әзірлеу қажет болады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Сенат, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай