Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнінде 8 мыңнан астам адам кеңес алды

2019 жылдың 18 мамыр 2019 16:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатындағы «Жолда қабылдау» жедел акциясы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 17-18 мамыр күндері еліміздің түкпір-түкпірінде «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтуде. Бұл - полицияның азаматтармен өзара байланыс жасауда жаңа модельге көшуінің бір бағыты.



null

«Акцияның тек бірінші күні 8 мыңнан астам азамат «Жолда қабылдау» кеңесіне жүгінді. Тағы 5,5 мың сұрақ әлеуметтік желі арқылы келіп түсті. Сауалдардың көбісі жол ережесін бұзғаны үшін тіркелген айыппұлдарға, көші-қон заңнамасының орындалуына, жолдағы көлік қозғалысын ұйымдастыруға, автокөлікті тіркеуге, жүргізуші куәлігін беруге қатысты болды. Барлық сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру шаралары жүргізілді», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.



null

Бұл мобильді қабылдау бүгін сағат 19:00-ге дейін жалғасады.



null

Аталған іс-шараның өткізілетін орны және «жедел желінің» телефон нөмірлерін ІІМ-нің ресми порталынан, сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефонына хабарласып білуге болады.



null

Айта кетейік, министрдің тапсырмасы бойынша өңірлік ішкі істер органдары осындай акцияны ай сайын өткізіп тұрады.



null

Жоғары қарай