Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

ЖОО-лар 12 жылдық білім беруге педагогтарды даярлауға дайын емес - Мәжіліс депутаты

2019 жылдың 25 маусым 2019 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің жоғары оқу орындары 12 жылдық білім беру үшін педагогтарды даярлауға дайын емес. Бұл туралы бүгін "Nur Otan" партиясы алаңындағы "2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын" талқылау барысында Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Осы жылдар ішінде білім беру саласындағы реформаларды тереңдету мақсатында бағдарлама бюджеті 445 млрд теңгеге ұлғайтылды. Алайда, саланың жүйелі әрі түбегейлі өзгеруінің арқасында жаңа ұлттық білім мәдениеті қалыптасты деп айтуға әлі ерте. Осыған орай шешімін таппаған бірнеше пробламаға тоқталып өткім келеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі бойынша екі мәселе шешілуі қажет болатын. Біріншіден, 3-тен асқан балаларды қамту. Яғни, министр айтқандай, бұл көрсеткіш 95,2 пайызды құрап отыр. Бірақ, тек кезекте тұрған балалардың ішінен қамтылғандар ғана. Ал осы жастағы балалардың жалпы санынан есеп жүргізетін болсақ, онда балабақшамен қамту 73 пайызға ғана жетіп отыр", - деді депутат.

Оның атап өтуінше, екінші мәселе мектепке дейінгі білім беру жүйесінің оқу әдістемесін енгізіп, балаларды мектепке даярлау мәселесі болатын. Алайда, бұл түйткіл де өзінің шешімін әлі тапқан жоқ. Сондықтан білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу барысында үш жастан асқан балаларды толық қамту және балабақшалардың бүгінгі қызметі аясында мектепке даярлық жасау функциясын кеңейту міндетін қою керек. Сонда ғана балабақша білім саласының ең елеулі бастапқы буынына айналады.

Мәжіліс депутаты 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесіде әлі шешімін таппағанын айтты.

"Оның мерзімін бірнеше рет ауыстырып отырмыз. Бастапқыда 2019 жыл дедік, кейін 2020 жыл болды, қазір 2021-2022 жылдары өтеміз деп белгіленуде. Сондықтан жоғары оқу орындары да 12 жылдық үшін педагогтарды толыққанды даярлауға дайын емес деп ойлаймын", - деді Әбдіманап Бектұрғанов.

Жоғары қарай