Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Жұмыс орнының алыс болғаны денсаулыққа кері әсер етеді - зерттеу

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 19:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швед ғалымдары жұмыс орны алыста орналасқан адамдардың денсаулығы үйіне жақын маңда жұмыс істейтіндерге қарағанда төмен болатынын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат The Times of İndia басылымына сілтеме жасап.

«Зерттеу нәтижесінде аптасына 40 сағат жұмыс істейтін адамдар күн сайын жұмыс орнына бару үшін жарты сағаттан көп уақыт жұмсайтын болса, бұл оның денсаулығының нашарлау қаупін 25 пайызға арттыратыны белгілі болды. Сонымен қатар бұл жағдайда адамның ұйқысының бұзылу қаупі 16 пайызға өседі», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, жұмыс алдында және жұмыстан кейін күйзелістен арылып, демалуға мүмкіндік болмайтындықтан, бұл денсаулыққа кері әсер етеді.

Аталған зерттеуді Стокгольм университетінің ғалымдары жүргізген. Зерттеуге 22 мың адам қатысқан.

«Жұмыс күнінен кейін адамдар үйіне ұзақ жол жүру үшін шаршаңқы болады, физикалық белсенділігі болмайды. Бұл денсаулыққа кері әсер етеді», деп жазады басылым.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Қоғам,
Жоғары қарай