Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Жыл басынан бері 431 жамбылдық қызылша дертін жұқтырды

2019 жылдың 23 қазан 2019 22:37

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жылдың тоғыз айында 431 қызылша ауруы оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбековтың айтуынша, өңірге қызылша ауруы жағдайлары Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, АҚШ-тан, сондай-ақ еліміздің басқа аймақтарынан әкелінген.

«Қызылшаның өзге аймақтан әкелінген 45 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылы облыста қызылшаны тіркеу қаңтар айынан басталып, апта сайын орташа 6 жағдай тіркеліп отырған. Алайда бұл көрсеткіш сәуір айында аптасына 44 оқиғаға дейін жеткен.Қабылданған шаралардың салдарынан жоспарлы түрде және жоспардан тыс түрде қосымша иммундау түрінде вакцинация жүргізу эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және осы инфекцияның деңгейін бірлі-жарым жағдайға дейін төмендетуге қол жеткізілді»,-дейді Б.Жарқынбеков.

Айта кетсек, 1 жастағы 16328 бала және 6 жастағы 11799 бала, 9-10 жастағы жасөсіпірімдер мен 20-29 жастағы адамдарды ошақтардағы контакт болған адамдарды және медицина қызметкерлерін вакцинациялаумен барлығы 166 мыңнан астам адам қамтылған.

Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Медицина,
Жоғары қарай