今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 қарашадан бастап астананың ескі вокзалында тегін автотұрақ болмайды

21 十月 2021 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қарашадан бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының аумағында ақысыз тұрақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems көлік компаниясы мәлімет таратты.

Айта кетейік, елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін балама ретінде вокзал алдында тегін тұрақ пен жолаушыларды отырғызу және түсіру аймақтары бар жолақ іске қосылады (сызбасы суретте).

Тұрақ қызметтерін төлеудің бірнеше жолы бар:

• Kaspi.kz банктік мобильді қосымша арқылы, «Төлемдер» бөлімінде;

• Жеке кабинетте, NSPARKING (App Store және Google play) мобильді қосымшасы және nsparking.kz веб - сайт арқылы;

• Теміржол вокзалы аумағында орналасқан 4 QIWI төлем терминалдары арқылы;

• теміржол вокзалының жаңа ғимаратына орнатылған паркомат арқылы (қолма-қол ақшамен, банк картасымен немесе NFC төлемімен);

• теміржол вокзалының ескі ғимаратының 2-қабатында орналасқан тәулік бойы жұмыс істейтін касса, №15 кабинет арқылы.

Тұрақ қызметтерінің қолданыстағы тарифтерімен тұрақ билеттерін беру автоматтарының жанындағы ақпараттық тақталарда, паркоматтарда, тәулік бойы жұмыс істейтін кассада, сондай-ақ NSPARKING мобильді қосымшасында және nsparking.kz сайтта танысуға болады.





回到顶部