今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 қалада ауа сапасы нашарлайды

2 十二月 2021 02:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 2 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, бейсенбі күні ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



回到顶部