今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2022 жылдың қаңтар айындағы теңге депозиттерінің максималды мөлшерлемесі белгілі болды

2 十二月 2021 15:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордың мәлімдеуінше, жекелеген банктерде депозиттердің 12 және 24 айлық мерзімді депозиттерде және 24 айлық жинақ салымдарда айрықша шоғырлануы нарық мөлшерлемелеріне ықпал етпес үшін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелері желтоқсан айындағы мәндік деңгейде сақталды.

«12 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелері 13,9% деңгейінде қалды. Мақсат – олардың тартымдылығын сақтау және халықтың ұзақ мерзімді салымдарға деген қызығушылығын ояту және оған қолдау көрсету.

Мерзімсіз депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер 9,5% деңгейінде бекітілді», делінген хабарламада.





回到顶部