今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

25 шілде. Туған күн иелері

25 七月 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 25 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




59 жыл бұрын (1962) Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Канелұлы СЕЙДАХМЕТОВ дүниеге келді.

Рига азаматтық авиация инженерлері институтын, Алматы менеджмент мектебін бітірген.

Еңбек өтілі: «Правда» газетінде маман (1984); «Қазаккумулятор» өндірістік-диспетчерлік бөлімінің инженер-диспетчері, экономисі, қаржыгері (1990-1994); Алматы әуежайы қаржы тобының бухгалтері, «Қазақстан әуе жолы» ҰАК қаржы жұмысы бойынша бастығының орынбасары, Алматы әуежайының бас бухгалтері, 1998-2011 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2011-2014); ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2014-2017). Қазақстан Республикасындағы ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты өкілдігінің басшысы (2017-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылғы тамыздан бері.


关键词: Күнтізбе,
回到顶部