今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

9 көлік зақымдалып, оқ атылды: Астанада көлік ұрысы қалай ұсталды

25 九月 2021 22:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көлік ұрысын ұстау барысында 9 машина зақымдалып, полицейлер күдіктіге қарсы оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Mitsubishi маркалы көлік ұрланды. Көлік бүгін елорда аумағында байқалған. Көлік ұрысы ізінен қуған полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жол жүрісі ережелерін өрескел бұзды. Салдарынан полиция қызметкері зардап шекті.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Орал мәлім еткендей, полицейге қажетті көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп жоқ.

«Жол жүрісі қатысушыларына төнген қауіпке тосқауыл болу мақсатында, жүргізушінің тоқтау туралы талаптарды елегісі келмегендігі ескеріліп, полицейлер барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып табельдік қаруды пайдалануға мәжбүр болды. Қашып құтылмақ болған ұры бордюралардан секіріп, қарсы беттегі жолға шыға отырып, жол бойында тұрған бірнеше көлікті зақымдағаннан кейін ескерту ретінде ауаға, одан кейін автокөлік дөңгелегіне оқ атылды. Осылайша, көлік тоқтатылды», - деді Данияр Орал.

Құқық бұзушының әрекеті салдарынан 9 көлік зақымдалды. Полиция департаментінде нақтылағандай, көлік иелері мен келтірілген материалдық шығын анықталуда.

22 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.




回到顶部