今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ахметжанов: Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді

22 十月 2021 12:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен Республикалық кеңесте сыбайлас жемқорлық схемаларына қарсы пәрменді шаралар қолдану және пара алу жағдайларын азайту туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер институтын енгізу – осындай шаралардың бірі ретінде жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, мүдделер қақтығысын шешуге және жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, ведомство басшысы жоғары оқу орындарының комплаенс қызметтерінің ресми жұмысын сынға алды.

Оның айтуынша, еліміздің 68 жоғары оқу орнында мұндай қызметтер құрылмаған.

Комплаенс-қызметтерді дамыту – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Осыған орай, Марат Ахметжанов барлық ректорларды аталған жемқорлыққа қарсы институтты құруға, стандарттарды бекітуге, сондай-ақ студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуға назар аударуға шақырды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» элективті пәні көптеген жоғары оқу орындарының пәндер тізіміне енгізілген болатын. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының пікірінше, оны міндетті пәндер тізіміне енгізген кезде ғана оқытудың нақты әсері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ол білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіретінін тілге тиек етті.

Спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құралдар бар екенін, тек оларды пайдалана білу қажеттігін атап өтті.

«Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – оны азайту және жоюға қажетті барлық шараларды қабылдау. Жоғары оқу орындарында адал еңбекті бағалайтын, өз Отанына қамқор болатын еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу және оқыту», - деді ол.


回到顶部