今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әкім сайлауы: Ақмола облысында бір орынға неше үміткер таласады

24 七月 2021 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы өңірлік сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин сайлау учаскелерінің әкімдерді сайлауға дайындығы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертеңгі сайлауға 218 учаскелік сайлау комиссиясы қатысады. Барлық учаскелер дайын. Кеше барлық комиссияларға сайлау бюллетендері таратылды. Сайлау комиссияларының жұмыс тәртібі туралы кеңес өткіздік», - деді Николай Политкин агенттік тілшісіне телефон арқылы берген мәліметінде.

Оның айтуынша, бүгін таңертең облыс бойынша 10 348 дауыс беруші тіркелген. Өңірлік комиссия хатшысы кешке дейін бұл сан өзгеруі мүмкін екенін айтады.

«Барлығы 303 кандидат тіркелді. Оның ішінде әртүрлі себеппен 13 кандидат тіркеуден өтпеді. 290 кандидаттың тағдыры ертең белгілі болады», - деді Николай Политкин.

Жалпы ертең Ақмола өңірі бойынша барлығы 95 әкім сайланады. Оның ішінде аудандық маңыздағы қалалардың екі әкімі (Ерейментау және Державинск қалалары) бар. Қалғаны – кенттер мен ауылдық округтер.

«Мұндай сайлау алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл біздің азаматтарымыз үшін өз өмірлеріне өздері әсер етудің нақты мүмкіндігі. Мәселелерді шеше алатын лайықты адамды көріп, таңдаудың оңтайлы сәті туындап тұр. Есептеп қарасақ, біздегі әр әкімнің орнына үш үміткер таласып отыр», - дейді сайлау комиссиясының өкілі.


回到顶部