今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленді

5 五月 2021 17:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден біржолғы ақшалай төлем жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыстың тоғыз өңірінде 20 ардагер тұрады.

Біржолғы ақшалай төлем Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және «ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бойынша аударылады.

Бұл санаттарға 5600 адам кіреді.

«Төлем жасалды, қаражат ардагерлердің шотына аударылды» деді ведомстводан.

Айта кетейік, бюджетте бұл мақсатқа 146 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын.


回到顶部