今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы келді

14 五月 2021 22:30

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы болып Әділет Отарбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділет Әділбекұлы 1981 жылдың 9 наурызы күні Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп, сол жылы еңбек жолын жергілікті компаниялардың бірінде менеджер қызметінен бастаған. Кейін 2006 жылы келісімшарт бойынша әскер қатарына шақыртылып, Ақтөбе облысы қорғаныс істері департаменті қызметін жалғастырады. Әр жылдары аталмыш департаментте әскерден тыс дайындық бөлімше бастығы, келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру бөлімі бастығы, Мәртөк аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте келісімшарт бойынша әскери қызметке алу және шақыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамени бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы қызметінде болған. ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.


回到顶部