今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді

28 九月 2021 12:56

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе «сары» аймаққа өтіп, карантин шектеуі жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Енді мешіт пен шіркеуге «Ashyq» жобасы енгізіліп, тек «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат етілді.

Сонымен бірге мұндағы адамдар саны сыйымдылықтың тек 20% құрауы тиіс. Спорттық жарыстар кезінде көрерменге рұқсат берілді. Жанкүйерлер де «Ashyq» қосымшасындағы қауіпсіз мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасын ұсынады.

«Конференция, форум, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды өткізуге рұқсат. «Ashyq» қосымшама арқылы адамдар «жасыл» мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасымен өзімінің вирус жұқтырмағанын дәлелдейді. Онда да адам саны 50-ден аспауы тиіс. Көрмелерге бір уақытта 200 адамның кіруіне рұқсат. Ашық алаңда марафон өткізуге болады. Адам саны 500-ден аспауы тиіс», - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


回到顶部