今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

26 一月 2022 20:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

COVID-19-дың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы екіжақты сауда-саттық 30%-ға артып, $21,8 млрд-қа жетті. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда сауда көлемі 21%-ға өсті.


回到顶部