今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы құтқарушылары тауға шығу қауіптілігін ескертті

21 五月 2022 16:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді деген болжам бар. Ауа райының бұзылуына байланысты құтқарушылар ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктер бүгін кешке қалада қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын және жел екпіні секундына 15-20 метрге жететінін айтады. Осыған орай, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауған кезде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігінше шықпаңыздар. Көліктеріңізді ағаштардың астында қалдырмаңыздар», - деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар, құтқарушылар туристерге тауға шықпауға кеңес берді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында жасөспірімді найзағай соғып, мерт қылды.




回到顶部