今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы маңында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

3 八月 2021 12:45

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жол-көлік оқиғасы 2 тамыз күні сағат 23:30 шамасында болған.

«Toyota Rav-4» маркалы автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Алдабергенов көшесімен батыс бағытта келе жатып, ағашқа соқтығысып қалған.

Содан кейін рөлді басқара алмай, аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында алған жарақаттарынан көліктің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Сондай-ақ түрлі дене жарақатымен жүргізуші Талғар қаласының ауруханасына жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ПД.


回到顶部