今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысындағы Қоғалы ауылының үш көшесін су басты

22 五月 2022 20:55

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы ауылының үш көшесін су басты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір судың деңгейі төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 мамыр күні сағат 17:30-да әлеуметтік желілерге шолу барысында Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылының көшелерін су басып жатқандығы анықталды. Бірақ, төтенше жағдай қызметіне су басу жөнінде хабарлама түспеген. Анықталғандай, қатты жауын салдарында Панфилов, Жандосов, Тобаяқов көшелерінен және бір үйдің ауласынан су қатты ағынмен өткен. Үйлердің ішін баспады. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, қатты жауын тоқтады. Судың мөлшері төмендеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған-Үшарал тас жолындағы көпірді қатты жауыннан су шайып , республикалық маңыздағы жол бөлігінің жабылғандығын хабарлаған болатынбыз.



回到顶部