今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тауларында Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пунктері пайда болады

15 七月 2021 15:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында смарт-навигатор мен Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пунктері пайда болады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы басшысының орынбасары Мәрлен Маралов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биыл тау туристерінің саны 4 есеге артты. Осыған байланысты әкімдік Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау жоспарын әзірледі. Таулы маршруттардың шалғай тораптық учаскелерінде жаздың соңына дейін туристерді паналау үшін 15 үйшік салынады.

«Әрбір үйшікте іздестіру, құтқару қызметтері үшін картаға және GPS-координаттарға байланған реперлік бастырма да болады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе ауа райының қолайсыз болғанда үйшік туристерге қажетті көмек жиынтығын алуға мүмкіндік береді (алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді құрылғыларды зарядтау стансасы, жылы көрпе мен бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы).Үйшіктің жанына SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне енгізу жүйесі бар діңгектер орнатылады»,-деді спикер.

Апат сигналын беруге арналған барлық спутниктік жабдықтар таудағы үйшік конструкциясына біріктіріледі, сондай-ақ Wi-Fi функциясымен жабдықталады. Бұл жүйе шалғай таулы маршруттарда қиын жағдайға тап болған тәжірибесіз, дайын емес туристерге арналған.

Пайдаланушы интерфейсі минималды-дауыстық қоңырау түймесі, бейне қоңырау камерасы мен бірнеше тілдегі нұсқаулар болады.

«Қосымша туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру мен тауға шығуға арналған смарт-навигатор түріндегі қосымшаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол ТЖД базасымен интеграцияланатын болады»,- дейді Мәрлен Маралов .

Сонымен қатар, олбиыл Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті салынатынын атап өтті.

Сондай-ақ алғаш рет құрылған 16 адамнан тұратын тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді.

«Тұйықсу» шатқалында қосымша тікұшақ алаңы құрылады.


回到顶部