今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғындарына көктайғаққа байланысты ескерту жасалды

27 十一月 2021 11:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қар аралас жауын жауып, кешкі және түнгі уақытта ауа температурасы минус 8-10 градусқа дейін төмендеп, тұман түсіп, ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты мұз қатып, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және жылдам маневр жасамауға шақырады.
Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал.
Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге бірқатар ұсыныс берді:
- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.


回到顶部