今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда биыл 4 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

28 十月 2021 21:34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда баспана кезегінде тұрғандардың саны артып келеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жалпы ауданы 248,5 мың шаршы метр немесе 3 959 пәтер пайдалануға беру жоспары бекітілді, оның ішінде 1 892 пәтер «сатып алу құқығынсыз жалға беру» желісі бойынша және 2 067 пәтер «банк салымшылары мен ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй» желісі бойынша. Біз «Отбасы банкімен» бірлесіп мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз», - деді спикер.

Мысалы, биыл Наурызбай ауданының «Аlma Sity-5» тұрғын үй кешенінде 37 үй немесе 1 110 пәтер салынды. Осы ауданда инвестор қаржысы есебінен «КазахСтрой» ЖШС 1 200 орынды мектептің құрылысын бастады.

Сонымен қатар, Алатау ауданындағы «Мәдениет» тұрғын үй кешенінде 4 үй немесе 144 пәтер салынды, мұнда 160 орындық балабақшаның құрылысы жоспарланған.

«Бұл үйлердің барлығы пайдалануға берілді, кезекте тұрғандардың бір бөлігі пәтерлерін алды», - деді Сапар Нұрашев.

Қазіргі уақытта Түрксіб ауданының «Жас Қанат-2» ТК құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда жоспарлау жобасымен тоғыз қабатты 41 үйдің құрылысы қарастырылған, оның ішінде жыл соңына дейін 2 705 пәтерлік 35 үй салынады. Қалған алты көпқабатты үй 2022 жылы салынады.

Спикер Алматыда қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.


回到顶部