今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда электр самокатының қатысуымен болатын жол апаты жиілеп кетті

14 五月 2021 10:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен самокатшылардың қатысуымен 29 жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы талдау негізінде қалада жол-көлік оқиғалары жиі болатын ең қауіпті 33 аймақ анықтады.

«Vision Zero бағдарламасы аясында апаттық оқиғаларды азайту үшін қалалық мобильділік басқармасымен бірге бұл қауіпті аймақтар жаңартылады. Мысалы, сіз байқағаныңыздай, кейбір аймақтар мен қиылыстарда ерекше қызыл, сары, тіпті вафли таңбалары қолданылады. Бұл жүргізушілердің назарын аудару үшін жасалды», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол соңғы жылдары қаламыздың жолдарында «баламалы көліктің» көбейіп кеткендігін – мопедтер мен самокаттар пайда болғанын атап өтті.

«Біздің бақылауымыз бойынша, қалада 2-ден 2,5 мыңға дейін электрсамокатшылар мен мопедшілер жүреді. Оның көпшілігі - тауар не тамақ жеткізетін курьерлер. Жыл басынан бері «баламалы көліктің» қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы болды, онда бір адам қаза тапқан. Тағы 29-ы түрлі дене жарақатын алды»,-дейді департамент басшысы.

Оның айтуынша, жақында әкімдікпен және курьерлік компаниялардың басшыларымен кездесу өткен.

Нәтижесінде жол ережелерін сақтау, сондай-ақ жеткізушілер мен олардың көлік құралдарының есебін жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.


回到顶部