今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2 十二月 2021 11:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 362 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 60 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 19, келіп түскені – 23

Инфекциялық стационарларда 362 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 23 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 40 адам жатыр.

Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 14 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 718 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 687 науқас. 31 адамда коронавирус белгілері жоқ.


回到顶部