今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда шаңғы трамплині аумағының көшкін жүру қаупі бар беткейі бекітіледі

8 五月 2021 19:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Сұңқар» халықаралық трамплин кешені аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастырумен «Қазселденқорғау» ММ ҚР ТЖМ, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ), «География және су қауіпсіздігі» АҚ, «Алматы гидрогеология» ЖШС, «Satbayev University» ЖШС мамандары «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешені аймағын тексерді.

«Жұмыс сапары барысында, құрылысы жүріп жатқан «Еsentai city» тұрғын үй кешенінің аймағында тау бөктерінен 200-250 м қашықтықта «Сұңқар» ХШТК орналасқаны анықталды.

«Сұңқар» спорт кешені 2016 жылдан бері «көшкін жүру қауіпі бар аймақ» ретінде тіркелген, 2020 жылы көшкін жүру тәуекелінің дәрежесі, ықтимал тәуекелдерді бағалау және қорғау бойынша ұсыныстар сынды барлық параметрлері көрсетілген аймақтың паспорты жасалды. Құжат бойынша аймақ тәуекелдің орташа деңгейіне жатады.

2016 және 2018 жылдары көктемгі нөсерлі жаңбыр кезінде аталған аймақта көшкін құбылыстары болды. 2017-2020 жылдары және биыл жылдың басында көшкін жүру дерегі тіркелмеді»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Жасыл экономика басқармасы жоспарлаған «Сұңқар» ХШТК аймағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша комиссия 2021 жылға жоспарланған инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізуді ұсынды. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге конкурс жарияланды. ЖСҚ жасау барысында сарапшылар тау бөктерін көшкін жүруден нығайтуды ескеретін болады. Сонымен қатар, аймақта көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.


回到顶部