今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды

5 八月 2021 20:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 3 тамыз күні Алматыда 25 жастағы таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды. Полицейлер бұдан бұрын қарақшылық пен ұрлық үшін сотталған күдіктілерді жедел ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Яндекс.таксидің жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалған. Түнгі екі шамасында ол шақыртуды қабылдап, «Саяхат» ауданына жеткізу керек болған клиенттерді алып кетеді.

«Оның айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген жерге жеткеннен кейін олардың біреуі қыздың мойнына бұғалық салған. Таксист қыз есінен танып, жолаушылар отыратын артқы орындықтың астында оянады. Қыздың банк картасы мен телефонын алып, оны «Теректі» шағынауданында көліктен тастап жіберген. Кейін жүргізуші қыз полиция шақырды», - деді ПД-де.

Келген полицейлерге ол күдіктілердің белгілерін айтып берді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1987 және 1998 жылы туған ер адамдар ұсталды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


回到顶部