今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жедел жәрдем шақыру екі есеге артты

3 八月 2021 18:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырту екі еседен астамға артты. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні жедел жәрдем шақырту артты – күніне шамамен 3 700 қоңырау. Олардың ішінде 2 700 шақырту шұғылдылықтың 1-3-інші санаттарына жатады, ал қалған 1 000 шақырту шұғылдылықтың 4-санатынан. Шақыртулардың шамамен 25-30% КВИ және пневмониямен байланысты. Жедел жәрдем шақырту өткен аймен салыстырғанда екі есеге көбейді», - деді ол.

Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім еткендей, 2 тамыз күні Алматыда коронавирус жұқтырудың жаңадан 1 531 жағдайы (жергілікті) тіркелді. Олардың 1 388-і – симптоммен, 143-і – симптомсыз. Инфекциялық стационарларда 4 852 науқас (241 бала) жатыр. 7 045 орын бос емес.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек және Телемедицина орталығының мобильді бригадаларының қарауында үйде 10 045 науқас жатыр. Олардың 9 520-сы жеңіл және орта дәрежеде ауырып жатыр, 525-сі – симптомсыз.


回到顶部