今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы «барахолка» маңында тағы да өрт шықты

25 九月 2021 11:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «барахолка» маңында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке үйдің шатыры өртенген.

Өртке қатысты видео әлеуметтік желіде тарады.






Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Алатау ауданында орналасқан «Шапағат» ықшамауданындағы жеке тұрғын үйден шыққан. Оның шатыры жанып жатыр.
«Сағат 09: 35 -те өрт оқшауланды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,-деп хабарлады қалалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын «Барахолкада» бірнеше контейнер өртенді.



回到顶部