今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылық оқушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай онлайн челлендж бастады

13 五月 2021 19:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының мектеп оқушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - бақыт жолы» атты онлайн челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласындағы №129 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Жексембинаның айтуынша, шараның мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, балалардың бойындағы азаматтық патриотизмді дамыту.

«Челлендждің мақсаты - әлеуметтік желілер арқылы Тәуелсіздіктің мәні туралы өз ойларымен бөлісу. Біздің оқушылар ҚР Тәуелсіздігі - бұл бірлік, тұрақтылық және елдің өркендеуі үшін пайдалы еңбек арқылы жарқын болашаққа бастайтын жол деген пікір білдіреді»,- дейді Алмагүл Жексембина.

Оның айтуынша, оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы екенін жақсы біледі.

«Тоқсаныншы жылдардың басында жас мемлекет үлкен қиындықтарға тап болды. ҚР Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ел қиындықты біртіндеп жеңіп, ең табысты экономикалық мемлекетке айналдырды «, - деді ол.


回到顶部