今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтар барлық эпидқауіпсіздік шараларын сақтағаны дұрыс – Бақытжан Сағынтаев

22 九月 2021 21:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде коронавирустың ағымдағы жағдайы және вакциналану қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша әлі қызыл аймақта.

«22 қыркүйекте қалада коронавирус инфекциясының 164 289 жағдайы тіркелді, оның ішінде 141 872 науқас симптомды және 22 417 – симптомсыз, анықталмаған пневмония – 2346. 21 қыркүйете коронавирус инфекциясының 498 жағдайы тіркелді, оның ішінде 470-і симптомды, 28-і симптомсыз, анықталмаған пневмония – 5»,- деді қала әкімі.

Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған төсек орындар мен науқастардың бүгінгі нақты санын айтты: «Инфекциялық стационарларда 5230 төсек орын бар, оларда 2337 адам емделуде, оның ішінде 111 бала. 100 науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті, 993-інің жағдайы ауыр, 1241-і орташа ауырлықта, 3-інің жағдайы жеңіл. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 229 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында – 43, инвазивті емес ӨЖЖ – 103, High flow аппаратындағылар – 68».

Шаһар басшысы әлі де санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін және індетке қарсы жаппай вакциналану - инфекцияның жаңа толқынының алдын алуға көмектесетінін айтты.

«Екпе салдыру еліміздің кейбір аймақтарында тіркелген жаңа Eta штаммына да тосқауыл болады»,- деді Б.Сағынтаев.

Өткен тәуліктерде бірінші компонентпен 2417 адам, екінші компонентпен 3906 адам вакцинацияланды. 1 ақпаннан 21 қыркүйекке дейінгі аралықта 933 678 адам I компонентпен, 827 239 ІІ компонентпен егілді.


回到顶部