今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауыл атауын өзгерту ұсынылды

31 七月 2021 16:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылдың атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданының Байда ауылдық округiнің әкімі Жүсіп Төреғалиевтың айтуынша, бұл мәселе тұрғындар жиынында қозғалған.

«Екі елдің шекарасындағы ауылымыз Котяев аталады. Ауыл атауын өзгерту мәселесі тұрғындар арасында көптен бері көтерiлiп келеді. Бірақ, бұл – бүгінге дейін шешімiн таппаған мәселенің бірі. Ауыл мен округтiң атауын өзгерту мәселесі қозғалған жиында ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салды» -дейді Жүсіп Төреғалиев.

Оның айтуынша, тұрғындардан екі ұсыныс түскен. Оның бiрiншici – Котяев атауын Бөкей хан деп өзгертiп, округтiң атауын бұрынғыша қалдыру. Екінші ұсыныста округке де, ауылға да қазақтың бiртуар тұлғасы Бөкей ханның атын беру айтылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылда жедел жәрдем бекеті ашылғанын жазған болатынбыз.


回到顶部