今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан

14 五月 2021 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 мамырда 36 жастағы әйелдің 60 дана трамадол, 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргенін анықтаған.

«Қазір аталған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» дерегімен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталған болатын.


回到顶部