今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда карантин талаптарын бұзғандарға 57 млн теңге айыппұл салынды

28 七月 2021 04:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері карантинді бұзғандарға 57 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадыржан Оразғалиевтің айтуынша, 26 сәуірден бері «Ashyq» жобасына кәсіпкерлік нысандардар 812 нысан өтінім түскен. Осы кезге 781 нысанға QR-код берілген.

«Атырауда «Ashyq» жобасымен 52 «қызыл», 173 «сары» мәртебесі бар адамдар анықталды. Ал 11 маусымнан бері каранитндік шектеу шараларын бұзғандарға 2,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды», -дейді Қадыржан Оразғалиев.

Ал, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетовтің мәліметінше, мониторингтік топтар соңғы үш күнде 230-дан астам нысанды тексерген.

«Мониторинтіктік топтар адамдар көп жиналатын мейрамханалар мен дәмханаларды, өзге көңіл көтеру орындарын тексеріп, карантиндік шектеу шараларын бұзудың 44 дерегін тіркеді. Жыл басынан бері осындай шектеу шараларын бұзғандарға салынған айыппұл сомасы 57 млн теңгені құрады», -дейді Руслан Дәулетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда карантин талабын бұзғандарға 48 млн теңге салынғанын жазған болатынбыз.


回到顶部