今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

19 十月 2021 21:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 жастағы ер адамға туыстарының шағымынан кейін іздеу жарияланған.

«Ер адам үйінен көлікпен кетіп, қайтып оралмаған. 16 қазанда із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы ер адамның денесі Атырау қаласының маңындағы Талғайран-2 ауылында тұрғын үйдің ішінен табылды. Марқұмның көлігі қаланың өзге шағын ауданында табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық уодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 51 жастағы тұрғын ауласында асылып қалған еді.


回到顶部