今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды

2 十二月 2021 14:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28-30 қарашада Румыния Республикасының астанасы – Бухарест қаласында пара-қол күресінен әлем чемпионаты өткен.

«Әлем чемпионатына 44 мемлекеттің үздік спортшылары сынға түсті. Қазақстан Республикасының намысын қорғаған құрама командасы сапындағы атыраулық 2 спортшы 2 күміс және 1 қола медальға ие болды. Атап айтқанда, әйелдер арасындағы ауыр салмақта Әсия Нәбиева оң және сол қол күресінен екі күміс жүлдені иеленді. Ерлер арасында 90 келіде бақ сынаған Аслан Қайрошев оң қол күресінен қола жүлдегер атанды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.







Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық полиция инспекторы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің иегері атанғанын жазған едік.


回到顶部