今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ауыл – ел бесігі»: СҚО-да 2025 жылға дейін 300-ден астам ауыл жаңғыртылады

28 十月 2021 21:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар барысында министр Аққайың ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөнделген және салынып жатқан нысандарды аралады. Юрий Ильин Аралағаш орта мектебінде, Ленинское ауылындағы мәдениет үйінде, Смирноводағы мәдени-сауықтыру орталығында болды. Сондай-ақ аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Сапар соңында «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланған жиын өтті.

Жобаның басты мақсаты – ауыл өмірінің сапасын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту. 2019-2020 жылдары 20 ауылда 6,6 миллиард теңгеге 44 жоба жүзеге асырылды. 76 мың адамға қолайлы жағдай жасалып, 550 жұмыс орны ашылды. 2021 жылы 50 ауылды дамытуға 10,7 млрд теңге бөлінді. Ауылдарда мектептер, емханалар, мәдениет үйлері, балабақшалар жаңғыртылып, жолдар жөнделді, спорттық нысандар бой көтеруде.

Жалпы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 2021 - 2025 жылдары 300-ден астам ауылды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осы кезеңде жалпы құны 43 млрд теңге болатын 500-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл 244 мыңнан астам адамның өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.














回到顶部